Красноармейка ауылы, Октябрдің 60 жылдығы, 26 ұй Телефон: 8(71845)5-32-52  Google картада көру

Star InactiveStar InactiveStar InactiveStar InactiveStar Inactive
 

 Бүгін бізде өте маңызды күн болды. Бұл сәт жылы атмосфераға толы болғанымен біраз мұңайтатын да   әңгімелер болды. Біздің ұжым екі бірдей қызметкерін зейнеттік демалысқа шығарып салды. 
 Әли Жақыпұлы Кабулдинов колледжде 36 жыл - лаборант, жүргізуші қызметтерінде адал, еңбеккер   болып жұмыс істеді. Колледж басшысы атап өткендей, ол екі ай бойы Әли Жақыпұлының зейнетке   шығу туралы арызына қол қоймаған, себебі осындай қымбат қызметкерді жібергісі келмеген. Колледж   басшылығының атынан Ә.Ж. Кабулдиновке алғыс хат табыс етілді.
 Басшының әкімшілік шаруашылық жұмыстары бойынша орынбасары Амангелді Аменұлы Сарбасов   колледжде 20 жылдан астам жұмыс істеді, енді ол да құрметті демалысқа шығады. Серік Джартыбаев   әріптесін құттықтай отырып, олар қандай қиын кезеңдерде бірге жұмыс істегендерін, қандай қиын қыс   мезгілдерін өткергендерін, бірге бастаған жөндеу жұмыстарын т.б еске алды. Бүгінде Красноармейка   аграрлық-техникалық колледжі еліміздің ауылдық агроколледждері рейтингісінде бірінші орында тұрғанына Амангелді Аменұлының да қосқан үлесі өте зор. Бүгін А.А.Сарбасовқа Павлодар облысы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамотасы табыс етілді.

 жолдауы
   
JSN Decor template designed by JoomlaShine.com