Красноармейка ауылы, Октябрдің 60 жылдығы, 26 ұй Телефон: 8(71845)5-32-52  Google картада көру

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Колледж бен Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры көп жылдар бойы байланыста. Өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды бағалауға, қазақ өнерін сүюге , тәлім-тәрбие беру мақсатында колледж басшылығы көп назар аударады. Колледж студенттерін жиі театрға апарып немесе театр ұжымын колледж сахнасына шақыру дәстүрге айналды.
Бүгін 15 мамырда, сәті түсіп Красноармейка аграрлық-техникалық колледжінің сахнасында театр ұжымы Т.Нұрмағамбетовтың «Табалдырығыңа табын» драмасын қойды.
Қойылымда ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастар тақырыбы терең қозғалады. Басты кейіпкер

Жөкен-Толысбайдың әкесі қаладағы балаларына қонаққа келеді. Бірақ оған ешкім қуанышты емес.Толысбай мен оның әйелі Файрузаның өміріндегі негізгі мақсаты - мансап қуу. Толысбаймен болған жағдай кез-келген адамның басына түсуі мүмкін.
Пьесаны көрермендер ретінде колледждің студенттері мен ұжымы, арнайы шақырылған еңбек ардагерлері, Красноармейка және Шакат орта мектептерінің түлектері тамашалады.
Театр ұжымы кәсіби шеберліктерінің арқасында отырған көрермендерін бір күлдіріп, бір жылатып алды.
Пьеса жас ұрпақты ата-аналарын , туған –туысқандарын сыйлауға, бағалауға шақырады.
Көрермендер де, әсіресе еңбек ардагерлері пьесадан көп әсер алып, қойылымға шақырған колледж басшысы мен ұжымына ризашылықтарын білдірді.
Қойылымнан кейін колледж басшысы Серік Тлеуханұлы театр актерлеріне алғыс білдіріп, гүл шоқтарын сыйға тартты. Ризашылығын білдірген театр ұжымы колледж басшысына Алғыс хат табыстады.
Айтпақшы,бұл кездесуде алдағы президент сайлауы туралы тағы бір маңызды тақырып болды. Студенттер мен Красноармейка тұрғындары 9 маусымда сайлау учаскелеріне қалай келу керектігін еске салды. Ал колледж басшысы Нұр Отан партиясының атынан кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді адамы ретінде оның сайлауалды бағдарламасы туралы қысқаша айтып, ауыл тұрғындарын қазіргі Мемлекет басшысы үшін дауыс беруге шақырды.

 жолдауы
   
JSN Decor template designed by JoomlaShine.com