ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ

2016-2017 оқу жылына

Красноармейка аграрлық-техникалық колледжінің

ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ

 

  1. 1.     Жалпы ережелер

1. 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес оқытуға қабылдау тәртібімен (2016 жылғы 19 сәуірге ескертулер мен қосымшалар), кәсіптік және техникалық білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасын жүзеге асыру, білім беру ұйымына қабылдаудың Типтік Ережесі негізінде,  2012 жылғы 19 қаңтардағы №130 Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен  қаулысына, 2015 жылғы 28 мамырдағы №153/5 Павлодар облысы әкімінің бекіткен қаулысымен «техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асыру, білім  беру ұйымына құжаттарды қабылдау мен оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті негізінде 2016-2017 оқу жылына Красноармейка аграрлық-техникалық колледжіне оқуға қабылдаудың осы ережесі жасалды.

2.Колледжге Қазақстан Республикасының негізгі, алғашқы кәсіби жалпы орта білімі бар азаматтарды, шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды, Қазақстан Республикасында бұрыннан тұратын азаматтарды қабылдайды, басқа мемлекеттердің азаматы болып  жүрген ұлты қазақ жігіттері мен қыздарына Қазақстан Республикасының азаматтарымен қатар колледжге түсуге құқық беріледі.

Колледжге қабылдау мемлекеттік тапсырыс (1қосымша) және келісімшарт негіздерінде (2 қосымша) төмендегі мамандықтар бойынша жүргізіледі

 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қаулысымен бекітілген колледжге қабылдау кезінде мемлекеттік тапсырыстан I, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін - 1 пайыз; жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін - 0,5 пайыз; ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін - 30 пайыз; Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін - 2 пайыз; жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - 1 пайыз болып белгіленеді.

4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар  үшін түсу емтихандарын тапсыру нысаны тест болып белгіленді.

 

  1. 2.                 Қабылдауды ұйымдастыру

 

5. Оқуға түсушілердің өтініштерін қабылдауды ұйымдастыру, қабылдау емтихандарын өткізуге және оқушылар құрамына қабылдау үшін колледж директорының 2016 жылғы 1 сәуір №14-п бұйрығы бойынша қабылдау комиссиясы құрылып, 2016 жылғы сәуір  айының 1-нен бастап жұмыс істейді.

      6. Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін, сырттай және кешкі оқу нысаны бойынша 30 қыркүйекке дейін ақпараттық стендіге жариялау арқылы немесе білім беру ұйымының интернет ресурсы арқылы қабылдау комиссиялары таныстырады.

7. Колледжге түсуге азаматтардан өтініштер 2016 жылы  маусым айының 20-нан тамыз айының 20-на дейін қабылданады. Сырттай оқыту бөлімі бойынша – 20 тамыздан 20 қыркүйекке дейін қабылданады. Күндізгі оқыту бөліміне түсу емтихандары  тамыз айының 1-нен 28-не дейін,  сырттай оқыту түрі бойынша 1 тамыздан -  25 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

8. Колледжге түсушілер қабылдау өтінішімен қоса білімі туралы құжатының түп нұсқасын, 086-у үлгісіндегі дәрігерлік анықтамасын (I, II топтағы мүгедектерге және бала жасынан мүгедектерге медициналық-әлеуметтік эксперттік комиссияның қорытындысы), 3х4 мөлшерлі 4 суретін, жалпы білім беретін мектептерді үстіміздегі жылы бітірген түлектердің бірыңғай ұлттық тестілеудің  сертификаты-бұдан әрі ҰБТ сертификаты не болмаса кешенді тестілеу түрінде  ұсынылады.

Жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке куәлік, төлқұжат немесе туу туралы куәлік) талапкердің өзімен, ата-анасымен немесе заңды өкілдерімен беріледі.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқығы бар жергілікті орында тіркелгендері туралы құжат көрсетулері керек:

1) шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;

    2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

    3) босқын - босқынның куәлігі;

    4) пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

          5) оралман - оралман куәлігі.

Қазақстан Республикасында уақытша тұратын адамдар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және миграциялық карточканың көшірмесін береді. Түсушілердің оқыту түрі және келісім бойынша (төлеулі) арыздары жеке тіркеледі.

Кешендік тестілеудің сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін кешендік тестілеуге қатысқан өткен жылдардың түлектері) немесе ҰБТ нәтижелер сертификатын (ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан жалпы орта білім алған түлектер)  көрсеткен азаматтар кіріспе емтихандарынан босатылады және конкурсқа 14 пункте көрсетілген шарттарға сәйкес қатысады.

9. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша және:

    1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;

    2) негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер - негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);

  Техникалық және кәсіптік білімнің  мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес айқындалады (3 қосымша).

Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары  түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

Типтік ережеге сәйкес білім беру ұйымына оқуға қабылдау емтиханы: күндізгі оқу түрі бойынша 1 тамыздан 28 тамызға дейін, сырттай оқу түрі бойынша 1 тамыздан 25 қыркүйекке дейін.

   10.  Негізгі және жалпы білімі бар азаматтар үшін тестілеу түрінде емтихан қабылданады.

11. Әрбір пән бойынша тест сұрақтарының саны – 25. Әр тест тапсырмасының дұрыс жауаптары 1 балмен бағаланады.  Кешенді тестілеуге үш пәннен 2 сағ 15 минут ал екі пәннен 1 сағат 30 минут бөлінеді.

Дұрыс жауаптардың коды тестілеу біткеннен кейін бірден ілінеді. Емтиханның нәтижесі тестілеу өткен күні хабарланады.

Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға  шағым білдіруіне болады.

         Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері  хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде  өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.

         Апелляциялық комиссия  шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен ресімделеді.

12. Бірыңғай талапты қамтамасыз ету үшін және даулы мәселелерді шешу үшін және пәндер бойынша тестік тапсырмаларды бағалау үшін колледжде апелляциялық комиссия құрылады, ол оқуға түсушінің құқығын қорғайды.

Түсу емтиханының қорытындысымен келіспейтін азамат шағым беруге құқылы.  Шағым қабылдау комиссиясына түсу емтиханның қорытындысы жарияланғаннан кейін, бір тәуліктің ішінде қаралуы тиіс.  Апелляциялық комиссия оны өтініш берушіні қатыстыра отырып бір тәуліктің ішінде қарайды.

13. Пәндер бойынша тесті қайтадан тапсыруға рұқсат етілмейді.

 

  1. 3.                 Оқушылар құрамына қабылдау

 

14. Колледжге қабылдау комиссиясының ашық отырысында мамандықтар бойынша жеке бөлімдер, оқыту тілдері бойынша өткізіледі.

Күндізгі бөлімге 2016 жылдың 25 тамызынан 30 тамызына дейін, сырттай оқытуға 2016 жылдың 15 қыркүйегінен 30 қыркүйегіне дейін жүргізіледі.

Конкурс өткізіледі:

-                     ҰБТ қорытындысы бойынша берілген сертификаттар балы негізінде;

-                     ҚР ЖОО-ға түсуге кешенді тестілеу формасында  өткізілген сертификат балының негізінде, оқуға түсу емтихандарының шешімінің қорытындысы бойынша;

-                     колледжде өткізілген тестілеу қорытындысында алған балы негізінде.

Оқуға қабылдау конкурсын өткізгенде үш пәннен алған балдың қосындысы нақтылы Ереженің 11б сәйкес ҰБТ сертификатында, не болмаса  тестілеуде көрсетілгеніндей есепке алынады.

Оқушылар қатарына қабылдау конкурсына екі пәннен 20 балдан кем баға алған негізгі жалпы білімі бар азаматтар, сол сияқты үш пәннен 30 балдан кем алған орта жалпы білімі барлар қатыстырылмайды.

15. Колледжге қабылдау комиссиясының ашық отырысында мамандықтар бөлімдер, оқыту тілі бойынша бөлек жүргізіледі.

16. Нақты Ережемен қарастырылмаған сұрақтар Красноармейка аграрлық-техникалық колледжінің қабылдау комиссиясымен  шешіледі.

 

 

           Қабылдау комиссиясының жауапты  хатшысы: Д. Даниярова