Серпін 2050 – мәңгілік ел жастары әлеуметтік жобасының мүмкіншіліктері

Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап "Мәңгілік ел жастары – индустрияға” атты арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдады.

– «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы. Бағдарлама бойынша биылғы жылы 2050 арнайы грант бөлінді. Оның ішінде 19 педагогикалық мамандықтарға 7 жоғары оқу орны (ЖОО) үшін, арнайы 1050 грант, 23 колледжде білім алушылар үшін, 35 мамандық бойынша 1000 грант бөлінді.

Шекті ұпайға (50 ұпай) жетпеген бітірушілерге колледждерге тапсыруға және шығармашылық емтихандар арқылы қабылданатын мамандықтар бойынша грант иегері болу мүмкіндігі бар. Ал шекті ұпайға яғни, 50 балл жинамаған, әрі бейіндік пән бойынша 7 балдан аз алған студент ЖОО-ға конкурсқа қатыса алмайды. Бағдарлама бойынша грант иегерлері: степендиямен, өңірлерге бір рет барып қайту жолақысымен, жатақханамен, колледжге түскендерге 3 рет ыстық тағаммен және қыстық киімге ақша бөлінеді. Оқу аяқталғаннан кейін жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Тәуелсіздік алған жиырма жыл ішінде еліміз нарықтық экономиканы дамытуға барынша күшін салып келеді. Оған еліміздің алған жетістіктері, қарышты қадамдары, шыққан белестері дәлел. 
Осы бағдарлама аясында Павлодар облысы Павлодар ауданының Красноармейка аграрлық техникалық колледжіне 25 оқушы Серпін бағдарласы аясында оқуға келген болатын. Колледжімізде көптеген мамандықтар оқытылады. Осы мамандықтардың ішінде еліміздегі экономикаға үлкен үлес қосып отырған  ауыл шаруашылығының маңызды саласының бірі - мал шаруашылығы. Серпін бағдарламасымен оқуға келген оқушыларымыз мал дәрігерлігі мамандығында оқиды. Мал дәрігерлігі мамандығы – жануарлар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, мал дәрігерлік сараптау және тексеру арқылы санитарлық тұрғыдан таза жануар өнімдерін өндіру мақсатында маңызды мамандықтың бірі болып табылады. Оқушылырдың барлығы өз мамандықтырын қызыға оқу үстінде, оқу үлгерімі жақсы. Сонымен қатар оқушылырымыз колледжде өткізілетін мерекелік іс – шараларға белсене қатыса отырып,   өздерінің талантты, өнерлі екендерін колледж ұйымына дәлелдеді.  Алдымыздағы 2016-2017 оқу жылына Серпін – 2050 бағдарламасы бойынша «Агрономия» мамандығына оқушылырды қабылдау жоспарланып отыр. Красноармейка аграрлық техникалық колледж сіздерді асығы күтуде.